Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінің екінші айналымына шықты

21.04.2022    Оқылғаны: 1066
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 57-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен өткізді. Бұған дейін қарсыластар өзара бес рет кездесіп, соның төртеуінде М.Линетт жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Путинцева 4:1 есебімен алға кетті. Поляк қызы да қалыспай, таразы басын теңестіргенімен, қазақстандық теннисші тай-брейкте сәтті ойнады - 7:6 (8:6). Екінші сетте Юлия 6:4 есебімен басым түсті. Екі сағат 8 минутқа созылған тартысты матчта Путинцева 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Юлия жүлде қоры 239 477 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен таласады.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер