Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды
Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды. Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.