Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде 100 күн бойы көш бастап келеді

20.04.2022    Оқылғаны: 1467
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 520 ұпай бар. Сондай-ақ Қазақстаннан Дамир Жалғасбай (43-орын) мен Даниэль Тазабеков (62-орын) үздік жүз теннисшінің қатарына кірді. Жуырда З.Нұрланұлы Д.Жалғасбай және Д.Тазабековпен бірге Үндістанның Нью-Дели қаласына келді. Онда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 25 сәуірден бастап 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турниріне қатысады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер