Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу турнирінің ширек финалына шықты

20.04.2022    Оқылғаны: 901
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық қыздар бүгін өз тобында Иран құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Әуелі Ева Корышева жарты сағат ішінде Фарда Алимиді тас-талқан етті – 6:0, 6:0. Ариана Гогулина Ясаман Язданидан 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Жұптық сында Е.Корышева мен Сәтима Төреген қарсыластарын 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең Қазақстан Өзбекстан құрамасымен шеберлік байқасады. Ширек финал жеребесі 20 сәуір күні кешкісін тартылады. Іріктеу турнирінде үздік атанған үш команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер