Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына Азия/Тынық мұхит аймағынан іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық қыздар D тобында алғашқы матчында Непал құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Сәтима Төреген Адия Подиалға бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0, 6:0. Ариана Гогулина Сунира Тапаға еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:1, 6:1. Жұптық сында Ева Корышева мен Сәтима Төреген де қарсыластарын бет қаратпай жеңді - 6:1, 6:0. Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иран құрамасымен ойнайды. Бүгін ирандықтар Өзбекстанға 1:2 есебімен жол берді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.