Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

19.04.2022    Оқылғаны: 679
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші апта бойы көрсеткішін жақсартып келеді. Қазіргі кезде ол 36-дан 33-орынға көтерілді. Дмитрий Попко 173-тен 171-ге, Тимофей Скатов 193-тен 191-ге жайғасса, Михаил Кукушкин 162-ден 167-ге сырғыды. Денис Евсеев 347-інші, Бейбіт Жукаев 512-орында қалды. Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 62-сатыда тұрса, Григорий Ломакин 242-сатыға жоғарылады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 19-орында. Ал Юлия Путинцева 52-ден 51-ге, Зарина Дияс 113-тен 112-ге көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 301-інші, Гөзал Айнитдинова 498-сатыда келеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер