Германияның бірінші ракеткасы Қазақстанмен матчтың қиынға түсетінін айтты

14.04.2022    Оқылғаны: 550
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Германияның бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Анжелика Кербер Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде 15-16 сәуірде өтетін Қазақстанмен матчқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасы – күшті әрі қолайсыз қарсылас, оған қоса бәсеке елордада өтеді.

«Елена Рыбакина – Қазақстан ғана емес, әлемдегі мықты теннисшілердің қатарында, ол көптен бері жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Мен үшін ел намысын қорғау – үлкен құрмет. Бұл ретте ештеңе өзгерген жоқ. Тіпті Қазақстан сияқты алыстағы елге баруға тура келіп, өзімнің жарыстарға дайындалуыма кедергі болса да, Германия үшін ойнауға барымды саламын. Ең бастысы, құрама үшін күткен нәтижеге қол жеткізсек, болды», деді Анжелика Кербер.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер