Ярослава Шведова Германия теннисшілерінің мүмкіндігі туралы айтты

12.04.2022    Оқылғаны: 714
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
15-16 сәуір күндері елордада Германиямен өтетін матч оңайға түспейді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова мәлім етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сайысына Андреа Петкович келмесе де, Германия құрамы жақсы жасақталған. «Қазіргі кезде дайындық қызу жүріп жатыр. Командада көңіл-күй жақсы. Матчты асыға күтудеміз. Біздің құрама мүшелері жас. Бәрі де – түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүрген кәсіпқой теннисшілер. Сондықтан кім тәжірибелі, кімнің тәжірибесі аз дейтіндей айырмашылық жоқ. Бәрінің де күшті жақтары бар, жетілдіретін тұстар да жоқ емес. Командалық жарыстың өз ерекшеліктері бар. Мұнда рейтингіге қарамайды, кез келген теннисші қарсыласын ұта алады. Германияның бірінші ракеткасы мықты, рейтингі бойынша екінші тұрған теннисшісі де осал емес. Көптен ойнап келе жатқан тағы екеуі және бар. Сондықтан бәріне дайын болуымыз керек», деді Ярослава Шведова.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер