Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Davis Cup кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы D тобында Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнам командаларымен ойнайды. Қазақстандық жасөспірімдер бүгін бастапқы кездесуінде Шри-Ланка теннисшілерін жеңді. Бірінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Тила Дисиянакимен бәсекенің бірінші партиясында қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сет соңында Әмір брейк жасай алды – 7:5. Екінші ойында Данир Қалдыбеков Вишин Нилавераны 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Жұптық сында Әмір Омарханова Виталий Зацепинмен бірге бір сағаттан сәл астам уақытта В.Нилавера – Лисал Гунитилекені тізе бүктірді – 6:4, 6:4. Осылайша қазақстандықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.06.2022
ҚТФ баспасөз қызметі