Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде бесінші орынға табан тіреді

10.04.2022    Оқылғаны: 1372
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) мәреге жеткен Билли Джин Кинг кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу сайысында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық қыздар бесінші саты үшін бәсекеде Гонконг құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан құрамасы сапында Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова және Карина Жұмажанова ойнады. «Жалпы, қыздар жақсы өнер көрсетті. Ширек финалда жеребе жолдас болмай, Аустралияға тап келдік. Кейін аустралиялықтар осы іріктеу сайыстарының жеңімпазы атанды. Бұдан былай да шеберлігімізді ұштай түсетін боламыз. Барлық матчқа отбасыларымен келіп, қолдау көрсеткен Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қызметкерлеріне алғысымды айтқым келеді», деді команда капитаны Ярослава Шведова.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер