Анна Данилина Чарльстон турнирін жеңіспен бастады

08.04.2022    Оқылғаны: 1355
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирін жеңіспен бастап, ірі доданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің жұптық сындағы 21-ракеткасы Анна Данилина Беларусь өкілі Александра Сасновичпен бірге алғашқы айналымда словакиялық Тереза Михаликова – чехиялық Квета Пешкемен ойнады. Қазақстандық-белоруссиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Анна мен Александра 1 сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 брейктен аса алған жоқ. Данилина мен Саснович жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, америкалық Каролин Долхайд – қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер