Александр Недовесов Мароккодағы турнирдің жартылай финалына шықты

08.04.2022    Оқылғаны: 904
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда италиялықтар Марко Чеккинато – Лоренцо Музеттимен күш сынасты. Қазақстандық-пәкстандық жұп бірінші партияда брейк жасау арқылы басымдылығын танытты – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:3. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 3 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың жартылай финалдағы қарсыластары бүгін анықталады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер