Юлия Путинцева Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты
Әлемнің 46-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 178-орында тұрған америкалық Робин Андерсонмен өткізді. Ю.Путинцева бірінші партияда қос брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Юлия екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Р.Андерсон таразы басын теңестіріп кетті – 4:4. Тартысты өткен тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (11:9). Екі сағатқа жуық уақытқа созылған кездесу барысында Путинцева эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Путинцева екінші айналымда әлемнің 47-інші, осы доданың 15-ракеткасы, тағы бір америкалық Аманда Анисимовамен күш сынасады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.