Қазақстанның жас теннисшілері әлем чемпионатына іріктеу сайысында жеңіске жетті

04.04.2022    Оқылғаны: 1244
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жасөспірім қыздар бүгін D тобында Оңтүстік Корея командасымен шеберлік байқасты. Алғашқы болып кортқа Асылжан Арыстанбекова шықты. Оның Ким Ё Юнмен кездесуі тартысты өрбіді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:3. Екіншісінде брейк жасаған кореялық спортшы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте ол еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0. Екінші ойында Айя Нұпбай Сон Ха Юнды оңай жеңді – 6:1, 6:2. Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Мұнда А.Нұпбай Карина Жұмаджановамен бірге бір сағатқа жуық уақыт ішінде Сон Ха Юн мен Ким Ё Юнның меселін қайырды – 6:4, 6:1.

Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Вьетнам қыздарымен ойнайды. Вьетнамдықтар бүгін Сингапур құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер