Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

04.04.2022    Оқылғаны: 716
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Іріктеу матчтары 4-9 сәуір күндері өтеді. Қазақстан қыздар құрамасы D тобында Оңтүстік Корея, Сингапур және Вьетнам командаларымен сынға түседі. Ертең қазақстандықтар оңтүстіккореялықтармен ойнайды. Қазақстан намысын Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова және Карина Жұмаджанова қорғайды. Капитаны - Ярослава Шведова.


 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер