Александр Недовесов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Александр Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен өткізді. Қазақстандық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Недовесов пен Куреши 1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан челленджер жарысында жекелей сында Дмитрий Попко алғашқы кездесуінде италиялық Лусиано Дардериден 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Ал Тимофей Скатов екінші айналымда Бразилияның бірінші, әлемнің 116-ракеткасы Тьяго Монтейроға тартысты матчта есе жіберді – 7:6 (7:5), 2:6, 6:7 (4:7).

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.