Үндістанда жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді

28.03.2022    Оқылғаны: 766
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Үндістанның Нью-Дели қаласында сәуір айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы, Билли Джин Кинг кубогы және әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

14 жасқа дейінгілер арасында іріктеу сайыстары нәтижесінде ұлттық құрамаға үздіктер алынды.

Қыздар: Арина Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева
Капитан: Мұқам Ерматов.

Ұлдар: Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Даниэль Тазабеков
Капитан: Сергей Квак.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне Қазақстаннан мына теннисшілер аттанады.

Бозбалалар: Данир Қалдыбеков, Әмір Омарханов, Виталий Зацепин
Капитан: Жансұлтан Чемботаев.

Қыздар: Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова, Карина Жұмаджанова Капитан: Ярослава Шведова.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер