Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты
Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 243-орында тұрған 18 жастағы германиялық Настасья-Мариана Шункпен кездесті. Ю.Путинцева 4:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 27 жастағы спортшы екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 20 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді. Юлия үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 33-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушовамен таласады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.