Теннистен Майами турнирі: Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды
Қазақстандық, әлемнің 159-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Майами мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 372-орында тұрған 18 жастағы жапониялық Шинтаро Мочизукимен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партияда М.Кукушкин тай-брейкте әбжілдік танытты - 7:6 (8:6). Екінші сетте қазақстандық спортшы 4:2 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2. Сағат жарымнан сәл астам уақытқа созылған матчта М.Кукушкин 1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша Михаил Майамиде турнирінің бірінші айналымында нидерландық Ботик Ван де Заншульпен ойнайды.
Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 175-сатыдағы Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 167-ракеткасы, америкалық Джеффри Джон Волфтен жеңіліп қалды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.