Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі рейтингінде көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті
Tennis Europe (TE) ұйымы алдағы күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында көшбасшылық жағдайын жақсарта түсті. Беделді Еуропа турнирлерінде сәтті өнер көрсетуінің нәтижесінде Заңғар ұпай санын 505-ке жеткізді. Осылайша Қазақстанның жас жұлдызы өзінен кейін келе жатқан Микаэл Аванесян (Армения), Иван Иванов (Болгария), Ленни Петиттен (Франция) қара үзіп кетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.