Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Индиан-Уэллс ATP Masters 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге екінші айналымда сальвадорлық Марсело Аревало – нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен кортқа шықты. Қазақстандық-германиялық жұп сағат жарымға созылған ойында 7:6 (7:0), 6:3 есебімен ұтты. Біріншісінде тай-брейкте әбжілдік танытып, екінші сет басында брейк жасаған жұп сол басымдылығынан айырылған жоқ. Олар бәсеке барысында 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін өз есептеріне жазды.
А.Голубев пен А.Зверев жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Харри Фриц – Томми Полмен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі