Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте Аустралияның екі дүркін чемпионын жеңді
Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір әлемнің 15-ракеткасы, Аустралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы, осы жарыстың өткен жылғы финалисі, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін кездеспеген еді. Е.Рыбакина сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте В.Азаренко медициналық көмекке де жүгінді. Қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Беларусь спортшысы 3 эйспен шектелді.
Рыбакина жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен таласады. Ол осы жарыстың екінші айналымында тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны ұтып кеткен еді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.