Нұрлан Заңғарұлы Словакиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

13.03.2022    Оқылғаны: 377
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Словакиядағы Tennis Europe сериясы бойынша екінші санаттағы Baseline Open U14 2022 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Жекелей сында 13 жасар қазақстандық спортшы финалда үш сеттік тартысты матчта Словенияның осы жастағылар арасындағы бірінші ракеткасы Зиго Шешконы 3:6, 6:2, 7:6 (7:1) есебімен ұтты. Матч екі сағат жарым уақытқа созылды. Қазақстанның жас жұлдызы осылайша спорттық жолындағы бесінші, биылғы екінші титулына қол жеткізді. Кеше Заңғар жұптық сында З.Шешкомен бірге финалда қытайлық Янхонг Ли – чехиялық Ян Растицаны 6:2, 7:5 есебімен жеңген еді.

«Жеңістен кейін босаңсуға уақыт жоқ, кішкене демалып, Португалияда өтетін супер жарысқа бармақшымын. Сосын ел құрамасы сапында Үндістанға аттанамын, онда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу матчтары өтеді. Қазақстан намысын алғаш рет қорғау үлкен жауапкершілікті жүктейді, ол өмір бойы есімде қалатын болады», деді Заңғар Нұрланұлы.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер