Михаил Кукушкин Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды

10.03.2022    Оқылғаны: 1128
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 154-орында тұрған Михаил іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 93-ракеткасы, жапониялық Есихито Нисиокамен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты. Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Кукушкиннің негізгі турнирдің бірінші айналымдағы қарсыласы - америкаллық Томми Пол.

Жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді. Ол бірінші айналымда британдық Энди Маррей мен жапондық Таро Даниель арасындағы ойынның жеңімпазымен кезедеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер