
Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді
Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чемпиондық кестеде 14 жасқа дейінгілер арасында үш ай бойы көш бастап келеді. Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар. Сондай-ақ қазақстандықтардан Дамир Жалғасбай 33-сатыда, ал Даниэль Тазабеков 111-орында тұр. Бұл елімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас теннисшілердің өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
27.01.2023
ҚТФ баспасөз қызметі