Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды
Осло қаласында Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Төртінші кездесуде Қазақстан мен Норвегияның бірінші ракеткалары Александр Бублик пен Каспер Рууд кортқа шықты. Каспер әлемнің 8-ракеткасы болса, Александр 32-орында еді. Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық көрсетті - 6:4. Екінші сетте К.Рууд есе қайырды - 7:5. Үшінші, шешуші партияны Бублик брейкпен бастады - 2:0. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді : 6:4.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, биыл күзде өтетін Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.