Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчының жеребесі тартылды

04.03.2022    Оқылғаны: 1226
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Ослода Дэвис кубогы іріктеу кезеңі аясында өтетін Норвегия – Қазақстан матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

4 наурыздағы алғашқы ойын күні бірінші болып кортқа Михаил Кукушкин мен Каспер Рууд шығады. Содан кейін Александр Бублик пен Виктор Дурасович күш сынасады. 5 наурыз күні үш бәсеке жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Каспер Рууд – Виктор Дурасовичпен шеберлік байқасады. Сосын Бублик пен Рууд, Кукушкин мен Дурасович кездеседі.

Матч 4 наурызда елорда уақытымен сағат 23.00-де, келесі күні 19.00-де басталады.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер