Заңғар Нұрланұлы Франциядағы жарыстың финалына шықты

27.02.2022    Оқылғаны: 1159
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Еуропаның 14 жасқа дейінгілер арасында 5-ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Парижде Tim Essone турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл айтулы жарыста кезінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықтылар жеңімпаз атанған еді. Дода барысында Заңғар әуелі аустриялық Максимиллиан Хейдельмайердің меселін қайырды – 7:6 (7:4), 6:3. Сосын Францияның жасөспірімдер арасында бірінші ракеткасы Лени Кутурьені ұтты – 7:5, 6:7 (5:7), 6:4. Ширек финалда Нұрланұлы Ресейдің жарық жұлдызы Сава Рыбкинге бірде-бір гейм бермей, тас-талқан етті – 6:0, 6:0. Ал жартылай финалда ливандық Даниэль Жадтан айласын асырды – 6:1, 6:2.

Бүгін Заңғар Нұрланұлы финалда (елорда уақытымен сағат 20.00-де басталады) тағы бір франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер