Сандуғаш Кенжибаева мен Софья Чурсина ITF «Forte 60 Women's» іріктеу сайысының финалына шықты
Ұлттық теннис орталығында алты қазақстандық теннисші өнер көрсеткен іріктеудің бірінші кезеңінің ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Әзірге WTA рейтингінде ұпайы жоқ 16 жастағы Сандуғаш әлемнің 451-ракеткасы украиналық Анна Познихиренконы 7:6 (7:4), 3:2 есебімен ұтты. Екінші сеттің бесінші ойынында Анна жарақат алып, кездесуден бас тартты.
Ойын уақытының 1 сағат 22 минутында Сандуғаш жеті рет эйс, төрт рет қос қателік жасап, үш брейкті сәтті орындады. Турнирдің негізгі кезеңіне жолдаманы Сандуғаш түрік Берфу Шыңғыспен сарапқа салады.
Ойын уақытының 1 сағат 22 минутында Сандуғаш жеті рет эйс, төрт рет қос қателік жасап, үш брейкті сәтті орындады. Турнирдің негізгі кезеңіне жолдаманы Сандуғаш түрік Берфу Шыңғыспен сарапқа салады.
София Чурсина әлемнің 405 ракеткасы Валерия Страхованы үш сетте – 5:7, 6:3, 10:6 есебімен жеңіп, жеңіске деген керемет жігерін танытты. 2 сағат 13 минутқа созылған ойында Софья 12 рет эйс және алты брейк жасады. Іріктеу кезеңінің ақтық сайысында Нұр-Сұлтанның тумасы ресейлік Полина Күдерметовамен кездеседі.
Іріктеу ойындарының бірінші күнінің қазақстандық әйелдердің нәтижелері:
Адель Исмағұлова 2:6, 0:6 Елена Малыгина (Эстония);
Ая Нупбай 1:6, 2:6, Екатерина Макарова (Ресей);
Асылжан Арыстанбекова 1:6, 2:6 Берфу Шыңғыс (Түркия);
Мария Синицына 0:6, 0:6 Полина Кудерметова (Ресей)
ITF W60 халықаралық турнирінің матчтарын Bee TV-ның спорт бөлімінде Qazsportтелеарнасынан қараңыз
Бас демеушісі: «Fortebank»

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.