Александр Недовесов жұптық сында АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Делрэй Бич (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары Марсело Аревало (Сальвадор) – Жан-Жюльен Ройермен (Нидерланды) бас жүлдені сарапқа салды. Тартысты матчта сальвадорлық-нидерландылық жұп 6:2, 6:7 (5:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 1 эйс жасап, 1 брейкпен шектелді. Осылайша А.Недовесов өз спорттық жолында ATP 250 додасында алғашқы титулына қол жеткізе алмады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.