Forte 60 Women's ITF турнирінің іріктеу сайысына 6 қазақстандық қатысады
Елордада 21-27 ақпанда өтетін Forte 60 Women's ITF турнирінің іріктеу сайысында 6 қазақстандық теннисші бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жыл басынан бері елімізде өткелі отырған алғашқы ірі жарыстың іріктеу бәсекелерінде отандастарымыздың қарсыластары белгілі болды. Жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған турнирді ұйымдастырушылар жас қазақстандық теннисшілерге арнайы шақырту жіберген болатын. Осылайша Айя Нұпбай алғашқы кездесуінде іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы, ресейлік Екатерина Макаровамен ойнайды. Асылжан Арыстанбекова түркиялық Берфу Чингизге қарсы тұрмақ. Сандуғаш Кенжебаева украиналық Анна Познихиренкодан, Адель Исмағұлова эстониялық Елена Малыгинадан өтуге тырысады. Софья Чурсина украиналық Валерия Страхова, Мария Синицына ресейлік Полина Кудерметовамен шеберлік байқасады. Полина – әлемнің 31-ракеткасы Вероника Кудерметованың туған сіңлісі. Матчтар 21 ақпан күні сағат 10.00-де Ұлттық теннис орталығында басталады.
ITF W60 халықаралық турнирінің матчтарын Bee TV-ның спорт бөлімінде Qazsportтелеарнасынан қараңыз
Бас демеушісі: «Fortebank»

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.