Дэвис кубогы іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

20.02.2022    Оқылғаны: 670
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Дэвис кубогы іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Елордада Junior Davis Cup 16&under және Junior Billie Jean King Cup турнирлеріне іріктеу жарысы мәреге жетті. Жарыс қорытындысында 21-27 ақпан күндері Шри-Ланкада өтетін іріктеу сайысында ел намысын қорғайтын ойыншылар белгілі болды.

Ұлдар:
Данир Қалдыбеков (Тараз), Әмір Омарханов (Қарағанды), Виталий Зацепин (Қарағанды).

Қыздар: Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова, Карина Жұмажанова (бәрі де Алматы).

Team Kazakhstan академиясының директоры Тимур Аққазиевтің айтуынша, іріктеу турнирлеріне ел өңірлерінен ең мықты жас ойыншылар шақырылды. «Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әуелі іріктеу сайысында, содан кейін Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде табысты өнер көрсетеді деп үміттенеміз», деді Т.Аққазиев.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер