Андрей Голубев жұптық сында Доха турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Доха ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші франциялық Фабрис Мартенмен бірге бастапқы ойынын ұлыбританиялықтар Дэниел Эванс – Кен Скупскимен өткізді. Қазақстандық-франциялық жұп бірінші партия барысында брейк жасап, басым түсті – 6:4. Олар екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:4. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесуде А.Голубев пен Ф.Мартен 3 эйс жасап, 7 брейктің екеуін өз есептеріне жазды.
Қарсыластары бір ғана эйс жасап, 4 брейк-пойнтты пайдалана алған жоқ. А.Голубев пен Ф.Мартен ширек финалда тағы бір қазақстандық Александр Бублик – мажарстандық Мартон Фучовичпен шеберлік байқасады. Яғни қай жұп жеңсе де, қазақстандықтардың біреуі жалпы жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың жартылай финалына шығады. А.Бублик жекелей сында да турнирді жалғастыруда.
Ал Михаил Кукушкин Марсельде тартысты матчта жеңіліп қалды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
23.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
18.05.2025
ҚТФ баспасөз қызметі