Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирін сәтті бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған ресейлік Варвара Грачевамен кездесті. Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті - 6:2. Екінші сетте алғашқы геймін В.Грачева алғанымен, одан кейін Е.Рыбакина дес бермеді - 6:1. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 5 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, чехиялық Тереза Мартинцовамен таласады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.