Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Александр Бублик Монпельедегі жеңісінің арқасында әлемдік рейтингіде 35-тен 31-орынға көтерілді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып табылады. Осыған дейінгі оның үздік нәтижесі 34-саты болатын. Сондай-ақ Михаил Кукушкин 166-дан 165-ке, Тимофей Скатов 236-дан 234-ке, Александр Недовесов 552-лен 551-ге жоғарылады. Дмитрий Попко 180-нен 181-ге, Денис Евсеев 351-ден 353-ке сырғыды.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.