Теннистен Монпелье турнирі: Бублик әлемнің үшінші ракеткасын ұтып, жеңімпаз атанды

07.02.2022    Оқылғаны: 1074
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 3-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен бас жүлдені сарапқа салды. Бұдан бұрын қарсыластар бір-ақ рет кездесіп, онда А.Бублик жеңген болатын. Осы жолы да қазақсандық спортшы ойын тізгінін уысынан шығармай, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында А.Бублик 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады. Осылайша Александр өзінің спорттық жолында алғаш рет ATP додасында жеңімпаз атанып отыр.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер