Александр Бублик Монпелье турнирінің финалына шықты

06.02.2022    Оқылғаны: 1337
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 36-ракеткасы, сербиялық Филип Крайиновичпен күш сынасты. А.Бублик 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Бублик 13 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Сербиялық спортшы 1 эйс қана жасай алды. Аександр финалда әлемнің 3-інші, осы доданың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен кезедеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер