Елордада теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді

03.02.2022    Оқылғаны: 702
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Елордада 14-18 ақпанда теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды - ҚТФ баспасөз қызметі.

айтулы додаға еліміздің өңірлерінен маңдайалды ойыншылар қатысады. Атап айтқанда, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Максим Батютенко, Никита Сидоров, Ерасыл Ерділдә, Жібек Құламбаева, Аружан Сагандыкова, Гөзал Айнитдинова, Дана Байдәулет, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар бақ сынайды.

Қазақстан теннис федерациясы жарыс жеңімпаз-жүлдегерлерін қаржылай көтермелемекші. Жекелей сында чемпион атанғандарға 7 мың, финалиске 5 мың, қола жүлдегерге 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленді. Жұптық сында сәйкесінше екі жеңімпазға 3 мың, қос финалиске 1500 доллар берілмекші.

Сонымен қатар алтын және күміс жүлдегер ҚР спорт шебері, жартылай финалистер ҚР спорт шеберлігіне үміткер атанады.

Қазақстан Республикасы қысқы чемпионатының бас демеушісі – «BANK RBK»
 



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер