Александр Бублик Монпелье турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 113-сатыда тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен күш сынасты. Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластар брейк алмасып, тай-брейкте Эрбердің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияны А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Қарсыласы 7 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 19-ыншы, осы доданың 2-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кезедеседі.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.