Анна Данилинаның Австралиядағы керемет жетістігі

30.01.2022    Оқылғаны: 164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге финалда әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.


Биылдан бастап бірге ойнай бастаған Данилина мен Майя осыған дейін Сидней WTA 500 додасында жеңімпаз атанды. Бірінші партия барысында қарсыластар екі реттен брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық-бразилиялық жұп сәтті ойнай білді – 7:6 (7:3). Екінші сетте чехиялықтар алға кетті – 2:0. Ақыры сол басымдылықтан айырылған жоқ – 6:4. Үшінші, шешуші партияда есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық-бразилиялық жұп брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне қарсыластары мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеді – 3:2. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін К.Синякова матчқа доп бергенде, Данилина мен Майя қарымта қайырып, есепті қысқартты. Дегенмен Б.Крейчикова доп бергенде, жеңіс чехиялық жұптың еншісінде кетті – 6:4. Нағыз финалға тән тартысты бәсеке 2 сағат 42 минутқа созылды

Осылайша қазақстандықтар арасында алғашқы болып Аустралия біріншілігінің финалына дейін жеткен А.Данилина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде жұптық сында үздік 25 теннисшінің қатарына кіреді.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/tennis-anna-danilina-australiya-ashyk-chempionatynyn-finalynda-zhenilip-kaldy_a3892786


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер