Australian Open: Анна Данилина жұптық сында финалға шықты

27.01.2022    Оқылғаны: 740
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, жапониялықтар Сюко Аояма – Ена Шибахарамен шеберлік байқасты. Жуырда Сидней WTA турнирінде Анна мен Беатрис қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық-бразилиялық жұп басым түсті – 6:4. Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте Анна мен Беатрис қайтадан таразы басын өздеріне аударды – 6:4. Қазақстандық-бразилиялық жұп 2 сағат 20 минутқа созылған тартысты бәсекеде 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша Анна Данилина өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Анна мен Беатрис финалда доданың 1-ракеткалары, чехиялықтар Барбора Крейчикова – Катерина Синяковамен кездеседі.



Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.



Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер