Australian Open: Анна Данилина жұптық сында үшінші айналымға шықты

21.01.2022    Оқылғаны: 187
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық-бразилиялық жұп екінші айналымда чехиялықтар Тереза Мартинцова – Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты. Беатрис пен Анна 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 сағат 39 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын өз есептеріне жазды. Қарсыластары 2 эйс, 4 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. Б.Хаддад Майя мен А.Данилина ширек финалға шығу үшін жарыстың 10-ракеткалары, чехиялықтар Мария Боузкова – Луция Градецка немесе испаниялық Алена Большова – норвегиялық Ульрикке Эйкери жұптарының қай жеңгенімен таласады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер