Australian Open: Анна Данилина жарысты сәтті бастады

19.01.2022    Оқылғаны: 164
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда испаниялық Паула Бадоса – тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинамен кездесуі керек еді. П.Бадоса мен Е.Рыбакина жұптық сында жарысқа қатысудан бас тартқаннан кейін олардың орнына мажарстандық Анна Бондарь мен грузиялық Оксана Калашникова шықты. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Жуырда ғана Сидней турнирінің жеңімпазы атанған Анна мен Беатристің екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер