Заңғар Нұрланұлы «Мастерс» чемпиондық жарысында 3 апта қатарынан көш басында келеді

19.01.2022    Оқылғаны: 107
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Tennis Europe ұйымы (TE) 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода өтетін Junior Masters жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қазақстандық Заңғар Нұрланұлы әлі көш бастап тұр. Осы аптада біздің теннисші юниорлық TE-турының Les Petits As супер санатында өнер көрсетеді. Junior Masters Монте-Карлодағы клубтың атақты топырақ кортында болмақ, онда ATP Masters 1000, Rolex Monte-Carlo Masters өтеді.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер