Australian Open: Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға шықты

18.01.2022    Оқылғаны: 1156
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Рыбакина бастапқы кездесуін отандасы, рейтингте 104-орында тұрған Зарина Дияспен өткізді. Бірінші партияда Елена брейкпен алға кетті – 4:1. Дегенмен Зарина ізінше қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:4. Тай-брейкте З.Дияс сәттірек ойнады – 7:6 (7:3). Е.Рыбакина екінші сетті брейкпен бастағанымен, Зарина қайта теңестірді – 2:2. Есеп 5:4 болып, З.Дияс алға шыққанда, Елена медициналық көмекке жүгінді. Зарина матчболды пайдалана алмаса, тай-брейкте Е.Рыбакина басымдылық көрсетті – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда Қазақстанның бірінші ракеткасы 6:1 есебімен жеңді.


Елена екінші айналымда рейтингте 74- сатыдағы қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.


Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация серіктестері

Ақпараттық серіктестер