Australian Open: Тимофей Скатов қарсыласына есе жіберді
Қазақстандық Тимофей Скатов Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Бұл дүниежүзілік рейтингте 255-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисшінің бірінші «Үлкен дулыға» турнирі болатын. Қызылжар қаласының тумасы Т.Скатов алғашқы айналымда әлемнің 117-ракеткасы, 31-дегі тәжірибелі словакиялық Норберт Гомбошпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда брейк жасаған Н.Гомбош басымдылық танытты – 6:3. Екінішісінде де қарқынын үдете түсті – 6:2. Дегенмен Тимофей үшінші сетте екі брейк жасап, 6:1 есебімен ұтты. Төртінші партияда қазақстандық спортшы брейкпен алға кетті – 4:2. Әйтсе де қарсыласы таразы басын теңестіріп қана қоймай, матчты брейкпен бітірді – 6:4.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі