Australian Open: Александр Бублик жарысты жеңіспен бастады
Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 141-орында тұрған америкалық Эрнесто Эскобедомен өткізді. Бірінші партияда америкалық теннисші чемпионатқа өзінің бос келмегендігін байқатты – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте А.Бублик шеберлік танытты – 7:6 (7:5). Үшіншісінде де қарсыласына дес берген жоқ – 6:3. Төртінші партияда қазақстандық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Бубликтің екінші айналымдағы қарсыласы мықты әрі тәжірибелі. Әлемнің 20-сыншы, чемпионаттың 17-ракеткасы, 35 жастағы франциялық Гаэль Монфис алғашқы айналымда рейтингте 64-орындағы аргентиналық Федерико Корианы 6:1, 6:1, 6:3.
Әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өте алмады. Франциялық теннисші күтпеген жерден 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
26.05.2022
ҚТФ баспасөз қызметі
25.05.2022
ҚТФ баспасөз қызметі