Australian Open: Михаил Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды

14.01.2022    Оқылғаны: 40
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстандық Михаил Кукушкин Аустралия ашық чемпионатының негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік рейтингте 180-сатыда тұрған 34 жастағы қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 141-ракеткасы, 25-тегі америкалық Эрнесто Эскобедомен кездесті. Бірінші партияда М.Кукушкин 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Э.Эскобедо қарымта қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 7:5. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 10 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Қарсыласы 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер