Елена Рыбакина жарақатына байланысты Сидней жарысын жалғастыра алмады

12.01.2022    Оқылғаны: 67
Дереккөз: ҚТФ баспасөз қызметі
Автор:
Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Сидней WTA 500 турнирін жалғастыра алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина екінші айналымда франциялық Каролин Гарсиямен кездесуі тиіс болатын.

«Өткен аптадағы матчтың көптігінен және Сиднейге келіп, кешегі бәсекені өткізгеннен кейін ағзам толықтай қалпына келмей, жамбасымда ауырсыну пайда болды. Жанкүйерлеріме айтарым, уайымдамаңыздар, Аустралия ашық чемпионатына дейін бабыма келіп, онда міндетті түрде өнер көрсетемін», деді Елена Рыбакина.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.

Федерация демеушілері мен серіктестері

Ақпараттық серіктестер