Қазақстандық үш теннисші іріктеу сайыстарының финалына шықты
Қазақстандық үш теннисші Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Дэйн Суиниді 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды. Михаил Кукушкин 1 сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта нидерландылық Робин Хасені 7:5, 7:6 (7:2) есебімен ұтты. Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко 1 сағат 23 минуттық кездесуде аустралиялық Филип Секуличтен айласын асырды – 6:4, 6:2.
Енді қазақстандықтар іріктеу сайыстарының финалында қарсыластарын ұтса, негізгі турнирге өтеді. М. Кукушкин америкалық Эрнесто Эскобедомен, Т. Скатов португалиялық Гаштау Элиашпен, Д. Попко чехиялық Иржи Лехечкамен кортқа шығады.

Қазақстан теннисінің барлық оқиғаларынан хабардар болыңыз, сайттағы жаңалықтардан ақпарат алыңыз және Instagram, Facebook және YouTube арналарындағы әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз.
21.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі
17.04.2025
ҚТФ баспасөз қызметі